Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 желтоқсанда № 3258 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 1-НҚ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 22.06.2020 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидалары;

      2) осы нормативтік қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлік сипаттамасы бекітілсін.

      2. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының құқықтық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы нормативтік қаулының Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы нормативтік қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Б.Е. Жолымбетовке жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға міндетін атқарушы А. Шаймерденов

  Жамбыл облысы бойынша
тексеру комиссиясының
2016 жылғы 09 желтоқсандағы
№ 4-НҚ нормативтік
қаулысымен бекітілген

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлгі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы нормативтік қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік Тексеру комиссиясы төрағасының қолы қойылып Тексеру комиссиясының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (Тексеру комиссиясы төрағасы және мүшелерінің қызметтік куәліктерін қоспағанда) беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 19.06.2017 № 2-НҚ нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қызметтік куәлік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісілген нысаны бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      7. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы Тексеру комиссиясының Персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады (бұдан әрі – Персоналды басқару қызметі).

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті Персоналды басқару қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметшісі қайтарып алады.

      9. Персоналды басқару қызметкері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      10. Қызметтік куәліктерін толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу Персоналды басқару қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша Персоналды басқару қызметі қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрық шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы Персоналды басқару қызметі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін Персоналды басқару қызметі береді.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті Персоналды басқару қызметіне тапсырады.

      Қызметтік куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      15. Қызметшілер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  Жамбыл облысы бойынша
тексеру комиссиясының
қызметтік куәлікті
беру Қағидаларына қосымша

      Нысан

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы


Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе



















      Ескертпе: Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының, мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және Персоналды басқару қызметі қызметшісінің қолымен және мөрімен расталады.

  Жамбыл облысы бойынша
тексеру комиссиясының
2016 жылғы 09 желтоқсандағы
№ 4-НҚ нормативтік қаулысына
қосымша

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлік сипаттамасы

      1. Қызметтік куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), қарақызыл түсті, экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ", "РЕВИЗИОННАЯ КОМИССИЯ ПО ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (түрлі-түсті), тиісінше Жамбыл облыстық мәслихаты хатшысының, Тексеру комиссиясы төрағасының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

      5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области и его описания

Нормативное постановление Ревизионной комиссии по Жамбылской области от 9 декабря 2016 года № 4-НҚ. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 20 декабря 2016 года № 3258. Утратило силу постановлением Ревизионной комиссии по Жамбылской области от 22 июня 2020 года № 1-НҚ.

      Сноска. Утратило силу постановлением Ревизионной комиссии по Жамбылской области от 22.06.2020 № 1-НҚ (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Ревизионная комиссия по Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      1) Правила выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области;

      2) описание служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Отделу правового обеспечения и документооборота Ревизионной комиссии по Жамбылской области в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего нормативного постановления его направление на официальное опубликование;

      3) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Ревизионной комиссии по Жамбылской области;

      4) принятие иных мер вытекающих из настоящего нормативного постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Ревизионной комиссии по Жамбылской области Жолымбетова Б.Е.

      4. Настоящее нормативное постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      председателя А. Шаймерденов

  Утверждено
нормативным постановлением
Ревизионной комиссии
по Жамбылской области
от 09 декабря 2016 года № 4-НҚ

Правила выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области

Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области (далее – Правила) определяет порядок выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области (далее – Ревизионная комиссия).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – Служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Служебное удостоверение соответствует описанию, утвержденному настоящим нормативным постановлением.

      4. Служебное удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      5. Служебное удостоверение (за исключением служебных удостоверений председателя и членов Ревизионной комиссии) выдается административным государственным служащим корпуса "Б" Ревизионной комиссии за подписью председателя Ревизионной комиссии.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции нормативного постановления Ревизионной комиссии по Жамбылской области от 19.06.2017 № 2-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порчи ранее выданного служебного удостоверения.

      За полученное служебное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Ревизионной комиссии (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      7. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе Службы управления персоналом Ревизионной комиссии (далее – Служба управления персоналом).

      8. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.

      При замене служебного удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудником Службы управления персоналом, ответственным за выдачу служебного удостоверения.

      9. Ежегодно, по состоянию на 1 января, Службой управления персоналом проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      10. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляются сотрудником Службы управления персоналом.

      11. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме Службу управления персоналом и подает объявление в средствах массовой информации.

      12. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, Служба управления персоналом в течение десяти рабочих дней со дня издания приказа о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия Ревизионной комиссии рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.

      13. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется Служба управления персоналом. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается Службой управления персоналом после проведения служебного расследования.

      14. При увольнении сотрудник сдает служебное удостоверение в Службу управления персоналом.

      На обходном листе при сдаче служебного удостоверения ставится роспись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      15. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение к Правилам
выдачи служебного
удостоверения Ревизионной
комиссии по Жамбылской
области

      Форма

Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Ревизионной комиссии по Жамбылской области


Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание



















      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Ревизионной комиссии по Жамбылской области прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью сотрудника и печатью Службы управления персоналом.

  Приложение
к нормативному постановлению
Ревизионной комиссии
по Жамбылской области
от 09 декабря 2016 года № 4-НҚ

Описание служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества темно – красного цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне служебного удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ".

      3. На внутренней стороне служебного удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ", "РЕВИЗИОННАЯ КОМИССИЯ ПО ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ".

      4. На левой стороне: фотография (цветная) размером 2,5 х 3,5 см, текст на казахском языке, заверенный подписью председателя Ревизионной комиссии и гербовой печатью.

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН" и текст на русском языке. Ниже указывается срок действия служебного удостоверения (выдается сроком на два года).