Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 14.04.2023 № 2/4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
В. Свиридов |
Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/5 шешіміне қосымша |
Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 17.10.2019 № 44/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылына 1 есеп айырысу бірлігіне текше метрде коммуналдық қалдықтардың жинақ нормасы |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,65 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,15 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1,1 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,85 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,83 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,2 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,008 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,4 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,28 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,55 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,02 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,025 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,025 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
Өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,55 | |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,32 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
18 | Өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,38 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,36 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,1 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожағармай станциясы, гараждар | 1 машина-орын | 0,5 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,75 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,33 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,5 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательелері | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары | 1 жұмыс орны | 0,4 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,11 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,006 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,45 |