Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/5 "Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 44/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 5516 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 2/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 14.04.2023 № 2/4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/5 "Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3799 тіркелген, "Стальная гвардия" газетінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 санында жарияланған, 2016 жылы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Ныгметов
      Мәслихат хатшысы А. Ломакин

  Теміртау қалалық
мәслихатының 2019 жылғы
"17" қазандағы № 44/4
шешіміне қосымша
  Теміртау қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
"19" сәуірдегі № 2/5
шешіміне қосымша

Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылына 1 есеп айырысу бірлігіне текше метрде коммуналдық қалдықтардың жинақ нормасы

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,65

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,15

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

1,1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,85

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,83

5

Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,2

6

Емханалар

1 келіп кету

0,008

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,4

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,28

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,55

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,02

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,025

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,025

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

0,4

Өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,55

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,32

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,5

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

18

Өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,38

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,36

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,1

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожағармай станциясы, гараждар

1 машина-орын

0,5

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,75

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,33

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,5

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательелері

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,17

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары

1 жұмыс орны

0,4

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,11

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,006

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

2,45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады