Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Теміртау қалалық мәслихатының шешімдері күші жойылсын:
1) "Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3799 тіркелген);
2) "Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/5 "Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 17 қазандағы № 44/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5516 тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 2/4 шешіміне қосымша |
Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,9 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,90 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,70 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,60 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,2 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,008 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,4 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,28 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,30 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,02 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,025 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы1 м2 | 0,025 |
14 | Азық-түлік,өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,32 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
17 | Өнеркәсіптік,азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,25 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,10 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,40 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,20 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,33 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,50 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,40 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,11 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,006 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,20 |