Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 22.02.2021 № 17/01 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-117 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 25 (1891) нөмірінде жарияланған);
2) 2013 жылғы 30 қазандағы № 26/18 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2424 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (2087) нөмірінде жарияланған);
3) 2015 жылғы 2 наурыздағы № 06/16 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 13 (2151) нөмірінде және 2015 жылғы 10 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | А.А. Идрисов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы 4.02 | |
№ 03/01 қаулысына | |
1 қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ | Елді мекеннің атауы |
Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар |
1 | Сәтбаев қаласы | Ұлытау көшесі № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы) |
2 | Комаров көшесі, № 17 үй жанында ("Шаңырақ" мейрамхана ауданы) | |
3 | Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында ("Кооптранс" базарының ауданы) | |
4 | Жезқазған кенті | Әбиев көшесі, № 21 А үй жанында ("Горняк" мәдениет үйінің ауданы) |
5 | Весовая елді мекені | Киров көшесі, № 22 үй жанында (мәдениет клубының ауданы) |
6 | Сәтбаев селосы | № 17 негізгі мектеп жанында |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы 04 ақпан | |
№ 03/01 қаулысына | |
2 қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары
№ | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайы | Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр) |
1 | Сәтбаев қаласы |
Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114А үй, | 215,2 |
2 | Сәтбаев қаласы | Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11А үй, телефон: 3-34-68 | 154,4 |
3 | Жезказған кенті | № 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37А үй, телефон: 7-75-13 | 61,5 |
4 | Весовая елді мекені |
№ 10 жалпы білім беретін орта мектептің акт залы, Киров көшесі, № 13 үй, | 78 |
5 | Сәтбаев селосы |
№ 17 мектептің акт залы, | 68,6 |