Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 6204 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 24.12.2021 № 93/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 24.12.2021 № 93/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" 2016 жылғы 4 ақпандағы № 03/01 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3663 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2016 жылғы 25 сәуірде, "Шарайна" газетінде 2016 жылғы 26 ақпандағы № 8 (2197) жарияланған) қаулы күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Идрисов

  2023 жылғы 13
наурыздағы
№ 17/01
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 13.03.2023 № 17/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар

Сәтбаев қаласы

Ұлытау көшесі № 86, 90 үйлердің ортасында;

Абай Құнанбаев көшесі, Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

Тәуелсіздік даңғылы, № 5А үйдің жанында;

академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үйдің жанында;

Виктор Гурба көшесі, "Кеншілер даңқы" алаңы, автобустық аялдаманың жанында;

Наурыз көшесі, № 27 жалпы білім беретін мектептің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

академик Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында, автобустық аялдаманың жанында;

Наурыз көшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

Ерден көшесі, № 199 үйдің жанында;

Абай Құнанбаев көшесі, № 85 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

Абай Құнанбаев көшесі, қалалық емхананың төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 158 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады