Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 13.07.2020 № 66/708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Зандарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Абай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 наурыздағы 33 сессиясының № 33/395 "Абай ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізудің тәртібін және орындарын қосымша регламенттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-102 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 наурыздағы № 10 (3861) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Мұсағалиев |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Цай |
КЕЛІСІЛДІ:
"Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
В. Аксанова |
2016 жылғы 14 наурыз
Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54/591 шешімімен бекітілген |
Абай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: Абай қаласы, "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы ғимаратының алдындағы алаң; Абай қаласы, аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң; Абай ауданы, Топар кенті, "Энергетик" мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң.
3. Шерулер мен и демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Абай қаласы, Калинин көшесі.
4. Ауданның жергілікті атқарушы органы шараларды уәкілетті (ұйымдастырушылармен) келісім бойынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көліктің, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жақсы жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік болдырмау мақсатында, сондай-ақ шаралар түрі, орны мен уақыты бойынша сәйкес, бірақ басқа шаралармен бағыты және мақсаты бойынша сәйкес емес болған жағдайда, соны өткізу туралы өтініш белгіленген мерзімде бұрын немесе бір уақытта берілсе, уақытты, орынды (маршрутты) өзгертуге ұсыныс жасай алады.
5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.
6. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның ауданның жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
7. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібінің 5, 6 тармақтары бұзылған жағдайда, өтініш берушіге жаңадан өтініш беру жолымен жіберілген кемшіліктерді жоюды ұсынған ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімі түскен күнінен бастап есептеледі.
8. Ауданның жергілікті атқарушы органы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы белгіленген тәртіпте берілген өтініштер бойынша, оларды қарастыру шеңберінде, көтерілген мәселелерді талқылау және қарау үшін ұйымдастырушыларға альтернативті алаңдар ұсынады.
9. Бас тарту жағдайында ұйымдастырушыларға барлық дайындық іс-шараларын болдырмау жөнінде және потенциалды қатысушыларды тиісінше хабарландыру жөнінде тез арада шаралар қабылдауын жазбаша көрсетеді.
10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
8) алколгольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
13. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
14. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.
15. Қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ пикеттерге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органы бір күнде, бір ауқытта және бір үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.
16. Қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ пикетшілердің өздерінің қаупіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.
17. Пикеттің тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
18. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
19. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс.
20. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда, оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.