Абай ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізудің тәртібін және орындарын қосымша регламенттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 33 сессиясының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 33/395 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 наурызда N 8-9-102 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2016 жылғы 14 наурыздағы N 54/591 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 14.03.2016 N 54/591 (алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңдарының негізінде және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз қызмет етуін, жасыл желектердің және кіші архитектуралық формаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай ауданында өткізілетін бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялардың орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім оны ресми түрде жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,
 
Абай аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

      

  Абай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 1 наурыздағы
33 кезектен тыс сессиясының
N 33/395 шешіміне қосымша

Абай ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар

N
Тұрғылықты жер
Өткізу орны
1.
Абай қаласы
3 – шахта – құрылыс басқармасының аумағында
2.
Топар кенті
Өрт сөндіру депосының ауданында, гараждардың жанындағы бос жерлер
3.
Карабас кенті
Трансформаторная көшесінің бойындағы соңғы автобус аялдамасының жанында
4.
Южный кенті
"Қарағанды-Жезқазған" трассасы жағындағы аурухана аумағында
5.
Көксу ауылы
Орталық жайдағы бұрынғы аялдаманың жанында
6.
Құлаайгыр ауылы
Футбол стадионының аумағында
7.
Агрогородок ауылы
Колледж жанында, автостанция маңында
8.
Юбилейный ауылы
Парк аумағында
9.
Жартас ауылы
Емхана ауданында
10.
Есенгелді ауылы
Ауылдық клуб аумағында
11.
Самарка ауылы
Крайняя көшесінде, көл маңында
12.
Сарепта ауылы
Трудовая көшесіндегі жанұялық-дәрігерлік амбулатория маңында
13.
Құрма ауылы
Жұмабек бөлімшесіндегі подстанция ауданында
14.
Ақбастау ауылы
Орталық технологиялық тазалау кешенінің ауданында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады