Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Абай ауданының аумағында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 наурыздағы 54 сессиясының "Абай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 54/591 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3754 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 сәуірдегі № 16 (4119) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2016 жылғы 26 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Лозинский |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |
Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 66/708 шешіміне 1 қосымша |
Абай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 14.03.2024 № 16/155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Абай ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1) Абай қаласының 3 ықшам аудандағы № 11 үйге қарама-қарсы жолдың периметрі бойынша алаң. Шекті толу нормасы – 500 адам;
2) Абай қаласы, Абай көшесі, 23а мекен-жайы бойынша орналасқан аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң. Шекті толу нормасы – 2000 адам;
3) Топар кенті, Қазыбек би көшесі, 5 мекенжайында орналасқан "Энергетик" мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң. Шекті толу нормасы – 1000 адам;
4) Абай ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Абай қаласы Шерубай батыр көшесі бойымен Сәкен Сейфуллин және Шерубай батыр көшелерінің қиылысынан Шерубай батыр және Әлия Молдағұлова көшелерінің қиылысына дейін;
Топар кентінің Дінмұхамед Қонаев көшесі бойынша Қазыбек би және Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысынан Гагарин көшелері мен Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысына дейін.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 66/708 шешіміне 2 қосымша |
Абай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 14.03.2024 № 16/155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Абай ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбырларда, ұлттық электр желілерінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес аумақтарда тыйым салынады.