Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.05.2018 № 218 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы XXXVI сессиясының № 337 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3523 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы "Тоқырауын тынысы" № 52 (7562) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".
2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | А. Айтжанова |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | М. Оңғарқұлов |