Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы 36 сессиясының № 337 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда № 3523 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы N 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 29.06.2016 N 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 16.02.2016 № 376 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Е. Әбілдин
Аудандық мәслихат хатшысы
М. Оңғарқұлов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады