Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы XXXVI сессиясының № 337 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы 40 сессиясының № 376 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 наурызда № 3697 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 218 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.05.2018 № 218 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы XXXVI сессиясының № 337 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3523 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы "Тоқырауын тынысы" № 52 (7562) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".

      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А. Айтжанова
      Аудандық
      мәслихат хатшысы М. Оңғарқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады