"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 405 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 5466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемеcінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 849 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4900 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған).
      3. "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "28" наурыздағы
№ 405 қаулысымен бекітілген

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысында мәдениет және өнер, архив ісі және құжаттама жасау қызметі саласында (ларында), басшылықты жүзеге асыратын облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның тұрған жерi: индексі 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Басқарманың миссиясы: мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, архив ісінде және құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) қазақ ұлттық және дүниежүзілік мәдениет байлықтарын, Қазақстан Республикасындағы басқа ұлттардың мәдениетін игеру, дамыту, халыққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру;
      2) мәдениет және өнер саласында әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын белгілеу және оларды нарықтық экономикасына сәйкес іске асыру әдісінің шаруашылық механизмін жетілдіру, көркем өнерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
      3) облысаралық мәдени байланыстарды дамыту, өнер мен мәдениет саласындағы қол жеткен табыстармен алмасу, облысты мекендейтін барлық ұлттардың мәдени дамуына тиімді шаралар қолдану және оларды дамытуға көмектесу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыс жасау;
      4) архив ісін мемлекеттік реттеу;
      5) архив ісін мемлекеттік басқару;
      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.
      16. Функциялары:
      1) мәдениет саласындағы, архив ісі мен құжат жасауда мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және музей iсi саласында облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      3) театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметi мен халық шығармашылығын, кiтапхана және музей iсiн дамыту бойынша облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, облыстың мәдениет саласындағы тиісті мекемелерінің қызметiн қамтамасыз етедi;
      4) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
      5) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады;
      6) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ, пайдалану және елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құру және ол туралы ережені бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ, белгіленген нысанда статистикалық есептер бередi;
      9) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;
      10) облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;
      11) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;
      12) облыстың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;
      13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
      14) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
      15) облыстың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне "Орталық" мәртебесiн беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
      17) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
      18) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      19) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
      20) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін
      есепке алуды, қорғауды және оларға ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
      21) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;
      22) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;
      23) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;
      24) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;
      25) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;
      26) тарихи-мәдени мұра обьектілерін анықтау, есепке алу, қорғау жөнінде жұмыс жүргізеді;
      27) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
      28) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
      29) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;
      30) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;
      31) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ, оларға археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      32) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы нұсқамалар береді;
      33) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;
      34) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
      35) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды;
      36) жер қойнауын пайдаланумен байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;
      37) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
      38) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
      39) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
      40) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      41) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
      42) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;
      43) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
      44) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
      45) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;
      46) облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
      47) Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын, облыс аумағында орналасқан ұйымдардың құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын келісу;
      48) Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың құжаттарын жоюға келісу;
      49) Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын мұрағаттың орналасқан жеріне қарай жоюға келісу;
      50) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;
      51) тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен күтіп ұстау ережесін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
      52) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
      егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға;
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
      2) Басқарма:
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;
      3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) бөлім басшыларының міндеттерін анықтайды;
      5) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      6) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттамасына қол қояды;
      8) бөлімдердің ережелерін бекітеді;
      9) шарттар жасасады;
      10) сенімхаттар береді;
      11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Басқарманы білдіреді;
      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      13) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      14) облыс әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      15) құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Басқарманың жұмыс режимі:
      1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкі

      25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управления культуры, архивов и документации Кызылординской области"

Постановление акимата Кызылординской области от 28 марта 2016 года № 405. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 13 апреля 2016 года № 5466. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19 мая 2016 года № 461

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19.05.2016 № 461 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление культуры, архивов и документации Кызылординской области".
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Кызылординской области от 17 февраля 2015 года № 849 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление культуры, архивов и документации Кызылординской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4900, опубликовано 12 марта 2015 года в областных газетах "Сыр бойы" и "Кызылординские вести").
      3. Государственному учреждению "Управление культуры, архивов и документации Кызылординской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Кенжеханулы Р.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Кызылординской области К. Кушербаев

  Утверждено
постановлением акимата
Кызылординской области
от "28" марта 2016 года № 405

Положение государственного учреждения "Управление культуры, архивов и документации Кызылординской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление культуры, архивов и документации Кызылординской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере (ах) культуры и искусства, архивного дела и документирования в Кызылординской области, финансируемым из средств областного бюджета.
      2. Учредителем Управления является акимат Кызылординской области. Права субъекта права коммунальной собственности в отношении Управления осуществляет государственное учреждение "Управление финансов Кызылординской области".
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 120003, Республика Казахстан, Кызылординская область, город Кызылорда, улица Бейбарыс султан, строение 1.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление культуры, архивов и документации Кызылординской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из областного бюджета.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: реализация государственной политики в сфере культуры, охраны и использования объектов историко-культурного наследия, а также в архивном деле и документообразовании.
      15. Задачи:
      1) освоение и развитие богатств казахской национальной, мировой культуры, культуры других народов Республики Казахстан, нравственное и эстетическое воспитание граждан;
      2) определение основных направлений социально-экономической политики в сфере искусства и культуры, методов их реализации на основе совершенствования хозяйственного механизма, осуществление программ развития художественной культуры;
      3) развитие межобластных культурных связей, обмен достижениями в сфере искусства и культуры, принятие эффективных мер развития культуры всех национальностей, населяющих область, и оказание содействия в их развитии, установление связи с казахскими культурными центрами за пределами Республики Казахстан;
      4) государственное регулирование архивного дела;
      5) государственное управление архивным делом;
      6) координация деятельности подведомственных организаций;
      7) реализация иных задач, установленных действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) реализует государственную политику в области культуры, архивного дела и документообразования;
      2) разрабатывает проекты постановления акимата области о создании, реорганизации и упразднении государственных организаций культуры области в сфере театрального, музыкального и киноискусства, культурно-досуговой деятельности, библиотечного, музейного дела;
      3) поддерживает и координирует деятельность государственных организаций культуры области по развитию театрального, музыкального и киноискусства, культурно-досуговой деятельности и народного творчества, библиотечного и музейного дела, обеспечивает деятельность соответствующих учреждений области в сфере культуры;
      4) организует проведение областных (региональных), республиканских смотров, фестивалей и конкурсов в различных сферах творческой деятельности;
      5) организует проведение республиканских конкурсов и фестивалей в различных сферах творческой деятельности по согласованию с уполномоченным органом;
      6) организует работу по учету, охране, консервации и реставрации, а также использованию культурных ценностей области и увековечению памяти видных деятелей культуры страны;
      7) разрабатывает проект постановления областного акимата о создании экспертной комиссии по временному вывозу культурных ценностей и утверждает положение о ней;
      8) осуществляет мониторинг деятельности организаций культуры, расположенных на соответствующей территории, и предоставляет в уполномоченный орган информацию, а также статистические отчеты установленной формы;
      9) осуществляет проведение зрелищных культурно-массовых мероприятий на уровне области;
      10) проводит аттестацию государственных организаций культуры области;
      11) в пределах своей компетенции осуществляет управление коммунальной собственностью в области культуры;
      12) выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов культурного назначения области;
      13) организует работу по сохранению историко-культурного наследия, содействует развитию исторических, национальных и культурных традиций и обычаев;
      14) выдает свидетельство на право временного вывоза культурных ценностей;
      15) разрабатывает проект постановления областного акимата о присвоении одной из государственных библиотек области статуса "Центральная";
      16) осуществляет комплекс мероприятий, направленных на поиск и поддержку талантливой молодежи и перспективных творческих коллективов;
      17) осуществляет проведение социально значимых мероприятий в области культуры;
      18) обеспечивает соблюдение особого режима объектов национального культурного достояния;
      19) обеспечивает выявление, учет, охрану, использование объектов историко-культурного наследия и проведение научно-реставрационных работ памятников истории и культуры;
      20) предусматривает мероприятия по организации учета, охраны и научно-реставрационных работ памятников истории и культуры местного значения в планах экономического и социального развития соответствующих территорий;
      21) решает вопрос о предоставлении в пользование памятников истории и культуры местного значения, являющихся государственной собственностью;
      22) по согласованию с уполномоченным органом при разработке и утверждении проектов планировки, застройки и реконструкции городов и других населенных пунктов обеспечивает выполнение мероприятий по выявлению, изучению, сохранению памятников истории и культуры всех категорий, составление историко-архитектурных опорных планов и карт-схем;
      23) оформляет охранные обязательства на памятники истории и культуры и контролирует их выполнение собственниками и пользователями;
      24) ходатайствует о привлечении к ответственности физических и юридических лиц, нарушающих законодательство Республики Казахстан об охране и использовании памятников истории и культуры;
      25) вносит в местный представительный орган области предложения по образованию комиссий по охране памятников истории и культуры;
      26) ведет работу по выявлению, учету, охране объектов историко-культурного наследия;
      27) ведет работу по установлению новых сооружений монументального искусства;
      28) ведет работу по установлению мемориальных досок;
      29) рассматривает и согласовывает научно-проектную документацию на все виды работ по памятникам истории и культуры и их охранным зонам, проекты планировки, застройки и реконструкции;
      30) осуществляет охрану и использование памятников истории и культуры и объектов окружающей среды, связанных с памятниками истории и культуры, по согласованию с заинтересованными государственными органами;
      31) осуществляет государственный контроль за использованием и порядком содержания, а также за исполнением археологических и научно-реставрационных работ памятников истории и культуры местного значения на соответствующих территориях;
      32) выдает собственникам и пользователям памятников истории и культуры предписания о нарушении ими Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия";
      33) применяет иные меры административного воздействия на основаниях и в порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;
      34) признает объекты историко-культурного наследия памятниками истории и культуры местного значения и включает в Государственный список памятников истории и культуры местного значения на основании заключения историко-культурной экспертизы;
      35) лишает памятник истории и культуры местного значения его статуса и исключает из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения на основании заключения историко-культурной экспертизы и требований части пятой статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия";
      36) содействует сохранению объектов, связанных с недропользованием, имеющих научное, историко-культурное и рекреационное значение;
      37) организация хранения, комплектования и использования документов Национального архивного фонда, принятых на хранение государственными архивами области;
      38) ведение государственного учета и обеспечение сохранности документов Национального архивного фонда, хранящихся в государственных архивах области;
      39) защита документальных памятников истории и культуры, находящихся в коммунальной собственности, их хранение и использование;
      40) организация экспертизы научной и практической ценности документов;
      41) формирование базы данных по документам Национального архивного фонда, хранящимся в государственных архивах области;
      42) организационно-методическое руководство и контроль за состоянием делопроизводства, хранением документов в организациях – источниках пополнения Национального архивного фонда, расположенных на территории области;
      43) организация исполнения запросов физических и юридических лиц;
      44) разработка проекта постановления областного акимата об утверждении положения об экспертно-проверочной комиссии;
      45) использование документов Национального архивного фонда для удовлетворения запросов государства, физических и юридических лиц;
      46) сбор и возвращение архивных документов по истории области;
      47) согласование правил документирования и управления документацией расположенных на территории области организаций – источников пополнения Национального архивного фонда;
      48) согласование уничтожения документов организаций – источников формирования и пополнения Национального архивного фонда, находящихся в коммунальной собственности;
      49) согласование уничтожения документов организаций – источников формирования и пополнения Национального архивного фонда, находящихся в частной собственности в зависимости от места нахождения архива;
      50) в пределах своей компетенции реализует мероприятия в сфере мобилизационной подготовки и мобилизации;
      51) представляет на утверждение областному маслихату правила сохранения и содержания объектов памятников истории и культуры;
      52) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством;
      17. Права и обязанности:
      1) Управление для реализации возложенных на него задач и осуществления своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:
      выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством;
      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      проводить совещания, семинары, конференции по вопросам, входящим в его компетенцию;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством.
      2) Управление обязано:
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;
      рассматривать обращения, направленные в Управление физическими и юридическими лицами, контролировать их исполнение, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставлять на них ответы;
      организовывать прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя Управления:
      1) в процессе реализации своих полномочий отчитывается акиму области и курирующему заместителю акима области;
      2) представляет Управление в государственных органах и иных организациях в пределах своей компетенции;
      3) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      4) определяет обязанности руководителей отделов;
      5) обеспечивает разработку стратегических и программных документов;
      6) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и принимает меры поощрения сотрудникам Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную и финансовую документацию;
      8) утверждает положения отделов;
      9) заключает договоры;
      10) выдает доверенности;
      11) без доверенности представляет Управление в государственных органах и иных организациях;
      12) несет персональную ответственность за организацию работы по противодействию коррупции;
      13) организует, координирует и контролирует работу Управления;
      14) исполняет поручения и акты акима и акимата области;
      15) организует разработку проектов нормативных правовых актов в пределах компетенции;
      16) обеспечивает соблюдение норм служебной этики;
      17) реализует политику гендерного равенства;
      18) утверждает график личного приема физических лиц и представителей юридических лиц;
      19) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      23. Режим работы Управления:
      1) Управление работает с понедельника по пятницу 5 (пять) дней в неделю;
      2) время работы Управления с 9.00 до 19.00 часов по местному времени. Перерыв с 13.00 до 15.00 часов;
      3) в субботу и в воскресенье, а также в установленные законодательством Республики Казахстан праздничные дни, Управление не работает.
      24. Взаимоотношения между Управлением и акиматом области, администрацией Управления и его трудовым коллективом регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      25. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      26. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областному коммунальному имуществу.
      27. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      28. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      В случае ликвидации Управления использование его имущества осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.