Қызылорда облысының жастар форумы туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 401 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 5488 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 21.07.2022 № 592 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11153 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 06.11.2017 № 931 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса берілген:

      1) Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамы;

      2) Қызылорда облысының жастар форумын өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
"Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының ректоры
___________________ Қ. Бисенов
2016 жылғы "28" наурыз
      КЕЛІСІЛДІ
"Қызық орда" шығармашылық тобы"
қоғамдық қорының төрағасы
___________________А. Тулеганов
2016 жылғы "28" наурыз
      КЕЛІСІЛДІ
"Нұр Отан" партиясы жанындағы
"Жас Отан" Жастар қанаты"
қоғамдық бірлестігінің Қызылорда
облыстық филиалының төрағасы
__________________А. Сабанбаев
2016 жылғы "28" наурыз

  2016 жылғы "28" наурыздағы
Қызылорда облысы әкімдігінің
№ 401 қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі-ұйымдастыру комитеті) құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 06.11.2017 № 931 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қызылорда облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

      "Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары;

      "Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитетінің хатшысы;

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

      "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы);

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);

      "Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (немесе міндетін атқарушы);

      "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанаты" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);

      "Қызық орда" шығармашылық тобы" қоғамдық қорының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша).

  2016 жылғы " 28" наурыздағы
Қызылорда облысы әкімдігінің
№ 401 қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысының жастар форумын өткізу Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызылорда облысының жастар форумының қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Қызылорда облысының жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.

      3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңын, басқа да құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Қағиданы басшылыққа алады.

      Ескерту. 3- тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 06.11.2017 № 931 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары

      4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Форумның өңір деңгейіндегі негізгі міндеттері:

      1) жергілікті атқарушы органдардың жастармен, жастар ұйымдарымен диалогын және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      6. Форумның негізгі функцияларына:

      1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар ұйымдары өкілдерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдау;

      2) республикалық жастар форумына қатысу үшін жастар, жастар ұйымдары қатарынан Қызылорда облысының делегаттарын сайлау;

      3) жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ, республикалық жастар форумының қарауына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.

3. Форумның өту тәртібі

      7. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

      8. Форум жергілікті атқарушы органмен кемінде екі жылда бір рет шақырылады.

      9. Форум екі кезеңде өтеді:

      1) дайындық кезеңі - бұл кезде облыстағы Форум делегаттарының сайлауы өтеді;

      2) негізгі кезеңі – өңірлік форумды өткізу.

      10. Өңірлік жастар форумы аудандық (облыстық маңызы бар қала) және облыстық деңгейлерде өтеді.

      11. Форумда шешім қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.

      12. Форумның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру

      13. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру аудандарда (облыстық маңызы бар қала) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен сайлау арқылы өтеді.

      14. Форумға аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жіберген жастары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

      15. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр ауданның (облыстық маңызы бар қала) жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылуы мүмкін.

5. Қорытынды ережелер

      16. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

      17. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен ресімделеді және жергілікті атқарушы органының, сондай-ақ, республикалық жастар форумының қарауына жолданады.

О форуме молодежи Кызылординской области

Постановление акимата Кызылординской области от 28 марта 2016 года № 401. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 27 апреля 2016 года № 5488. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 21 июля 2022 года № 592

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 21.07.2022 № 592 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 244 "Об утверждении типовых правил о региональном форуме молодежи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 11153) акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 06.11.2017 № 931 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) состав организационного комитета по подготовке и проведению форума молодежи Кызылординской области;

      2) правила проведения форума молодежи Кызылординской области.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Кенжеханулы Р.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области К. Кушербаев
      СОГЛАСОВАНО
Ректор Республиканского
государственного предприятия
на праве хозяйственного ведения
"Кызылординский государственный
университет имени Коркыт Ата"
Министерства образования и науки
Республики Казахстан"
____________________К. Бисенов
"28" марта 2016 года
      СОГЛАСОВАНО
Председатель общественного фонда
"Творческий состав "Қызық орда"
__________________А. Тулеганов
"28" марта 2016 года
      СОГЛАСОВАНО
Председатель Кызылординского
областного филиала общественного
объединения "Молодежное крыло
"Жас Отан" при партии "Нур Отан"
_________________А. Сабанбаев
"28" марта 2016 года

  Утвержден
постановлением акимата Кызылординской области
от "28" марта 2016 года № 401

Состав организационного комитета по подготовке и проведению форума молодежи Кызылординской области (далее-организационный комитет)

      Сноска. Приложение – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 06.11.2017 № 931 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Заместитель акима Кызылординской области, курирующий данную сферу, председатель организационного комитета;

      руководитель государственного учреждения "Управление по вопросам молодежной политики Кызылординской области" (или исполняющий обязанности), заместитель председателя организационного комитета;

      руководитель отдела государственного учреждения "Управление по вопросам молодежной политики Кызылординской области" (или исполняющий обязанности), секретарь организационного комитета;

Члены организационного комитета:

      руководитель государственного учреждения "Управление культуры, архивов и документации Кызылординской области" (или исполняющий обязанности);

      ректор Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата" Министерства образования и науки Республики Казахстан" (или исполняющий обязанности), (по согласованию);

      директор коммунального государственного учреждения "Молодежный ресурсный центр" управления по вопросам молодежной политики Кызылординской области" (или исполняющий обязанности);

      председатель Кызылординского областного филиала общественного объединения "Молодежное крыло "Жас Отан" при партии "Нур Отан" (или исполняющий обязанности), (по согласованию);

      председатель общественного фонда "Творческий состав "Қызық орда" (или исполняющий обязанности), (по согласованию).

  Утвержден
постановлением акимата Кызылординской области
от "28 "марта 2016 года № 401

Правила проведения форума молодежи Кызылординской области

1. Общие положения

      1. Настоящие правила форума молодежи Кызылординской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 февраля 2015 года "О государственной молодежной политике" и определяют порядок проведения регионального форума молодежи.

      2. Форум молодежи Кызылординской области (далее – Форум) – форум представителей молодежи, проводимый в целях формирования регионального уровня взаимодействия между местными исполнительными органами и молодежью.

      3. В своей деятельности Форум руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 9 февраля 2015 года "О государственной молодежной политике", иными правовыми актами, а также настоящими Правилами.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 06.11.2017 № 931 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

2. Цель, задачи и функции Форума

      4. Целью Форума является обеспечение диалога и взаимодействия государственных органов с молодежью и молодежными организациями по обсуждению вопросов реализации государственной молодежной политики.

      5. Основными задачами Форума на уровне региона являются:

      1) обеспечение диалога и взаимодействия между местными исполнительными органами и молодежью, молодежными организациями;

      2) обеспечение обсуждения вопросов реализации государственной молодежной политики;

      3) выработка рекомендаций по совершенствованию государственной молодежной политики.

      6. К основным функциям Форума относятся:

      1) заслушивание отчетов представителей местных исполнительных органов и молодежных организаций о ходе реализации государственной молодежной политики;

      2) избрание делегатов Кызылординской области из числа представителей молодежи, молодежных организаций для участия на республиканском форуме молодежи;

      3) внесение на рассмотрение местного исполнительного органа, а также республиканского форума молодежи рекомендаций по совершенствованию государственной молодежной политики.

3. Порядок проведения Форума

      7. Подготовку и проведение Форума осуществляет организационный комитет.

      8. Форум созывается местным исполнительным органом не реже одного раза в два года.

      9. Форум проводится в два этапа:

      1) подготовительный этап - во время которого проводятся выборы делегатов Форума в области;

      2) основной этап – проведение регионального форума.

      10. Региональный форум молодежи проводится на районном (города областного значения) и областном уровнях.

      11. Принятие решений на Форуме осуществляется путем открытого голосования делегатами Форума.

      12. Решение Форума принимается большинством голосов.

4. Формирование представительства молодежи на Форуме

      13. Формирование состава делегатов Форума происходит выборным путем в районах (города областного значения) с участием молодежных организаций, зарегистрированных в органах юстиции в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

      14. В форуме принимают участие делегированные представители молодежи и молодежных организаций районов (города областного значения).

      15. Количественный состав делегаций формируется в зависимости от процентного соотношения количества молодежи каждого района (города областного значения) от общего количества молодежи Республики Казахстан. Для участия в Форуме дополнительно могут приглашаться представители политических партий, Ассамблеи народа Казахстана, молодежных ресурсных центров, учебных заведений, заинтересованных государственных органов и средств массовой информации в количестве, не превышающем двадцати процентов от общего числа делегатов Форума.

5. Заключительные положения

      16. Решения, принимаемые на Форуме, носят рекомендательный характер.

      17. Принятые на Форуме рекомендации оформляются соответствующим протоколом и направляются на рассмотрение местного исполнительного органа, а также республиканского форума молодежи.