Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 592 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 шілдеде № 28912 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2022 жылғы 21 шілдедегі
№ 592 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қызылорда облысының жастар форумы туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 401 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5488 болып тіркелген).

      2. "Қызылорда облысының жастар форумы туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 931 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6023 болып тіркелген).

      3. "Қызылорда облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 156 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7907 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады