Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 21.07.2022 № 592 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының жастар форумы туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 401 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5488 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11153 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының жастар форумын өткізу Қағидасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңын, басқа да құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Қағиданы басшылыққа алады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "06" қарашадағы № 931 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "28" наурыздағы № 401 қаулысымен бекітілген |
Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі-ұйымдастыру комитеті) құрамы
Қызылорда облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
"Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары;
"Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитетінің хатшысы;
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы);
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);
"Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (немесе міндетін атқарушы);
"Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанаты" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);
"Қызық орда" шығармашылық тобы" қоғамдық қорының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша).