Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 08.06.2020 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 27.08.2018 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық станциясы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 27.08.2018 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 27.08.2018 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |