Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 61 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 7511 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалағаш ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) “Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 94 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5517 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 20 маусымда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 183 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6420 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Шаменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады