“Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 183 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 қыркүйекте № 6420 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 08.06.2020 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2тармағына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 94 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 20 маусымда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      “Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ”

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық станциясы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.”;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “2. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады