Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 21-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
3. “Жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5175 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 21 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 7 - сессиясының төрағасы |
Е.БАҚБЕРГЕНҰЛЫ |
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы | М.ЕСПАНОВ |