Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 21-6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 наурызда № 6195 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш аудандық мәслихатының келесі нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      “Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5567 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдеде “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған);

      “Жер салығының мөлшерлемелері туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 7-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5630 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 04 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде және 2016 жылғы 05 қарашада “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
21-сессиясының төрағасы
А. БЕКЖАНОВ
      Жалағаш аудандық
мәслихатының хатшысы
М. ЕСПАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады