Жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Күшін жойғанҚызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қазанда № 5175 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 7-2 шешімімен
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жалағаш ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасының Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі бес есеге жоғарылатылсын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз