Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 18/150 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 2015 жылғы 30 қарашадағы "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 10-15-2940 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау Қағидасы бекітілсін.
2. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212 "Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Қонақбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г.Берішбаева
21 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
А.Исатаева
21 қазан 2016 жыл
Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы |
|
№ 6/46 шешімімен бекітілген |
Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау Қағидасы
Осы отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 2015 жылғы 30 қарашадағы "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді.
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 30.11.2017 № 14/115 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірде қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Маңғыстау облысында белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және табысы аз халық қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет жүзеге асыратын шаралары;
4) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай - ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
5) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
6) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
7) "Өрлеу" жобасы - отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
8) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
9) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) уәкілетті орган - шартты ақшалай көмекті тағайындауды, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын әзірлеуді, жасасуды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
11) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
12) өтініш беруші (үміткер) - "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам;
13) ассистенттер - шартты ақшалай көмек алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) өтініш білдірген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін уәкілетті орган шарт негізінде тартатын адамдар;
14) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар - шартты ақшалай көмек алу үшін уәкілетті органға өтініш білдірген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін уәкілетті орган шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс - қимыл жасайтын адамдар;
15) отбасының жиынтық табысы - "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне" сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
16) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 30.11.2017 № 14/115 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
Отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
3. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Маңғыстау облысында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
4. ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
5. ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға арналған шығындардан басқа, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және тағы басқаларды сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдалануға тиіс.
2. Шартты ақшалай көмекті тағайындау тәртібі
6. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.
7. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға келісім берген жағдайда уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент әңгімелесу жүргізеді.
8. Әңгімелесу жүргізу кезінде:
1) ШАК алу негіздемесі;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;
3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.
9. Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы рәсімделеді.
Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш пен орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мындай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
10. Өтініш беруші өтініш білдірген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және (немесе) он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушы болып табылған, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған жағдайда, осы Қағидалардың 9 тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
11. Алып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 30.11.2017 № 14/115 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Осы Қағидалардың 9 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:
1) ауылдық округ әкіміне өтініш білдірген кезде - салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттар түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
2) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде - түпнұсқада ұсынылады, олар сканерленеді және өтініш берушіге қайтарылады, ал электрондық құжаттар уәкілетті орган қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Осы Қағидалардың 9 тармағының 2), 5) тармақшаларында көрсетілген үміткер толтыратын құжаттар түпнұсқада ұсынылады.
Уәкілетті орган құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған түпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
13. Өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен уәкілетті органның қызметкері үміткердің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган өтінішті орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.
14. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және "Өрлеу" жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
15. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп қарауды жүргізеді, орталық атқарушы орган бекітетін нысандар бойынша зерттеп-қарау актісін және учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және учаскелік комиссия қорытындысын уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.
16. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
17. Уәкілетті орган:
1) ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан құжаттарды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды;
2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін, осы Қағиданың 21 тармағында көзделген жағдайларды және бірінші, екінші топ мүгедектерін, білім алушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасасу үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей олармен әлеуметтік келісімшарттар жасасады және әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді;
3) әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес жеке жоспарды әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу үшін шақырады;
4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу күні нысанын орталық атқарушы орган бекітетін тағайындау (ШАК тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ШАК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 30.11.2017 № 14/115 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).18. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп әзірленеді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына қосымша болып табылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу жөніндегі міндеттемелерді, сондай-ақ скринингтік қарап тексерулерден өту, әлеуметтік маңызы бар аурулар (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған кезде емделуге бейімділігі, жүктіліктің он екі аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге қою және жүктіліктің барлық кезеңінде қадағалауда болу жөніндегі міндеттемелерді қамтиды.
19. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
20. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге нысанын орталық атқарушы орган бекітетін тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сақталады.
21. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу мынадай жағдайларда:
1) стационарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынылған кезде) кезеңіне;
2) отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне ШАК алу үшін міндетті шарт болып табылады.
22. Уәкілетті орган ШАК тағайындау туралы шешімдердің негізінде алушыға ШАК төлеуді жүзеге асырады.
23. ШАК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама өтініш беруші уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өзі келген кезде беріледі.
3. Шартты ақшалай көмекті төлеу тәртібі
24. ШАК төлеуді уәкілетті орган алушылардың банк шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
25. Республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттердің игерілуін, мақсатты пайдаланылуын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) уәкілетті орган:
қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланғандардың тiзiмдерiн ай сайын салыстырып тексеруді, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдары, ауылдық округтер әкiмдері ұсынатын "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында
қайтыс болды деп тіркелгендерді және әділет органдары ұсынатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендердің тiзiмдерiн ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей электрондық салыстырып тексеруді;
банк шоттарында үш және одан да көп ай бойы қозғалыс болмаған ШАК алушылардың тiзiмдерiн соңғы операцияның күнiн көрсете отырып, тоқсан сайын салыстырып тексеруді;
орталық атқарушы орган бекітетін нысандар бойынша облыстың уәкілетті органына: отбасының белсенділігін арттырудың жасалған келісімшарттары және әлеуметтік келісімшарт; ШАК тағайындалғаны және төленгені; ШАК алушылар туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынуды жүзеге асырады.
2) ассистент:
әлеуетті өтініш берушілерді, оның ішінде ауылдық елді мекендерге шыға отырып (айына кемінде бес рет немесе Шарттың қолданылуы кезеңінде (қаңтар-желтоқсан) 60 рет), "Өрлеу" жобасына қатысудың шарттары туралы хабардар етуді (үш айда кемінде 100 адам);
халықты "Өрлеу" жобасына тартуға жәрдемдесуді;
уәкілетті органмен және ауылдық округ әкімімен келісу бойынша "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берген адаммен (отбасымен) өмірдегі қиын жағдайдан шығудың ықтимал жолдары туралы әңгімелесу жүргізуді және әңгімелесу парағын толтыруды;
"Өрлеу" жобасына қатысушыны әңгімелесу жүргізу, қажетті құжаттарды толтыруға, жұмыс іздеуге, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жәрдемдесу арқылы ШАК-қа өтініш білдірген кезден бастап және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі түпкілікті аяқталғанға дейін сүйемелдеуді;
отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты талаптарының орындалуын мониторингтеуді, отбасына баруды және келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалуына белгі жасауды;
ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеу туралы есепті уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады.
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант:
"Өрлеу" жобасын іске асыру шеңберінде ШАК алу үшін уәкілетті органға өтініш білдірген үміткерлермен әңгіме өткізуді;
отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде әңгімелесу жүргізу, қажетті құжаттарды толтыруға, жұмыс іздеуге жәрдемдесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік
келісімшарты жөніндегі міндеттемелерді орындау арқылы адамды (отбасын)
сүйемелдеуді;
атқарылған жұмыс туралы есеп жасауды және мониторингтеуді;
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген адамдармен жұмыс істеуге уәкілетті басқа да ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасауды;
ШАК алу үшін уәкілетті органға өтініш білдірген үміткерлерге әлеуметтік қорғау, мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде консультациялық қызметтер көрсетуді;
өмірде қиын жағдайда жүрген адамдарға жан-жақты көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесуді;
мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларына өмірде қиын жағдайды еңсеру, әлеуметтендіру және кіріктіру үшін қажетті жағдай жасауға
жәрдемдесуді, олардың қажетті әлеуметтік қолдау шараларын алу құқықтары
мен мүдделерін қорғауды;
мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметті және ассистенттердің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Шартты ақшалай көмекті тоқтату тәртібі
26. Уәкiлеттi орган ШАК төлемдерін мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) "Өрлеу" жобасына қатысушы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған;
2) анық емес мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бұзылған;
3) алушының банк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыс болмаған;
4) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан келіп түскен;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтер түскен жағдайларда нысанын орталық атқарушы орган бекітетін ШАК төлемін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған анық емес мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) ШАК тағайындалған кезеңге оны төлеу тоқтатылады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен артық төленген сомаларды қайтару жөнінде шаралар қолданады.