Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 18.05.2018 № 20/169 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 10-11-4265 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 6/46 "Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау Қағидасы туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3184 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау Қағидасында:
кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 2015 жылғы 30 қарашадағы "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді.";
1 тармақта:
4) тармақша келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай - ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;";
11 тармақ алынып тасталсын;
17 тармақта:
2) тармақшаның бірінші сөйлемі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін, осы Қағиданың 21 тармағында көзделген жағдайларды және бірінші, екінші топ мүгедектерін, білім алушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасасу үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.".
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Тулеумаганбетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г.Беришбаева
30 қараша 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Төлеген
30 қараша 2017 жыл