Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/37 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 тамызда № 3135 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23 қазандағы 2023 жылғы № 6/39 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 6/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі №10-11-1481 ақпараттық хатының, сонымен қатар 2016 жылғы 17 мамырдағы заң бұзуды жою туралы ұсынысының негізінде, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Г. Ақниязова

      11 шілде 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ә. Өтегенов

      11 шілде 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау

      облысы бойынша мемлекеттік кірістер

      департаментінің Мұнайлы ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М. Таңатар

      11 шілде 2016 жыл

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 11 шілдедегі
  №3/37 шешіміне қосымша

Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №20/223 "Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2414 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы №28-30 (406-408) "Мұнайлы" газетінде және 2014 жылғы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне:

      көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.".

      2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.11.2021 № 11/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3 Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.11.2021 № № 11/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №38/416 "Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2893 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №73-74(524-525) "Мұнайлы" газетінде және 2015 жылғы 4 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне:

      кіріспе бөлімі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады