Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.05.2017 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген ережедегі:
1), 17), 20), 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдігінің мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;";
"17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;";
"20) Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;";
"24) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеу және талдау, перспективалық даму бағыттарын әзірлеу;";
3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді, аппараттың құрылымын, штаттық кестесін бекітеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар) белгілейді;";
"5) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |