Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 09.08.2024 № 156 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).
"Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 "Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5870 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Д. Космухамбетова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Б. Қайыпбай
2016 жылғы 27 маусым