Мәслихаттың 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 "Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 41 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 6553 болып тіркелді

      "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 "Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5870 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Д. Космухамбетова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ Б. Қайыпбай
      2016 жылғы 27 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады