Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 5870 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 156 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 09.08.2024 № 156 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қостанай облысы мәслихатының 27.06.2016 № 41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы бекітілсін.

      2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 403 "Қостанай облысының елді мекендері аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидасын бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Сапарова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысының әкімі

      _________ Н. Садуақасов

      2015 жылғы 31.07

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлiгi

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Қостанай

      облыстық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттiк мекемесінің басшысы

      _________________ О. Батырбеков

      2015 жылғы 31.07

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      ауыл шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Б. Мурзин

      2015 жылғы 31.07

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      ветеринария басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Б. Қайыпбай

      2015 жылғы 31.07

  Қостанай облыстық мәслихатының
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 420 шешімімен бекітілген

Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Ветеринария туралы" Заң) сәйкес әзірленген және Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағида жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – иелері) таратылады.

      3. Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.

2. Жануарларды асырау тәртібі

      4. Жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғалар:

      1) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақытылы вакцина егуге және олардың диагностикасын;

      2) өз жануарларының зиян келтіруінен айналасындағы адамдардың және жануарлардың, сондай-ақ мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      5. Жануарларды олардың тұрақты тұратын орнынан (асырау) жаятын орнына дейін және кері (бұдан әрі - айдау) жаю, сондай-ақ жүргізу жануарлардың иелерінің, немесе олар сенім білдірген тұлғалардың қадағалауымен жүзеге асырылады.

      6. Көгалдандыру екпелерінің аумағы арқылы жануарларды айдауға жол берілмейді.

      7. "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес тиісінше аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі айқындаған орындардан тыс елді мекен жерлерінде жануарларды жаюға жол берілмейді.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды тиісті аумақ тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті аумақтың әкімі өз құзыретінің шеңберінде қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады