Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.01.2019 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 506-бабына, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарына пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Г. Капенова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитетінің Қостанай облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Д. Джұмабаев
2016 жылғы 8 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ С. Аймұхамбетова
2016 жылғы 8 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Ә. Мауқұлов
2016 жылғы 8 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ Е. Спанов
2016 жылғы 8 желтоқсан
Мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 95 шешіміне 1-қосымша |
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Ағаш-бұта тұқымдастарының атауы | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) | ||
1. | Қайың: | ||
қабықтар | тонна | 0,016 | |
бұтақтар | тонна | 0,032 | |
томарлар | тонна | 0,008 | |
тамырлар | тонна | 0,048 | |
жапырақтар | тонна | 0,024 | |
бүршіктер | килограмм | 0,016 | |
2. | Қарағай: | ||
қабықтар | тонна | 0,021 | |
бұтақтар | тонна | 0,042 | |
томарлар | тонна | 0,011 | |
тамырлар | тонна | 0,063 | |
жапырақтар | тонна | 0,032 | |
бүршіктер | килограмм | 0,021 | |
3. | Көктерек, терек: | ||
қабықтар | тонна | 0,011 | |
бұтақтар | тонна | 0,022 | |
томарлар | тонна | 0,01 | |
тамырлар | тонна | 0,033 | |
жапырақтар | тонна | 0,02 | |
бүршіктер | килограмм | 0,011 | |
4. | Сары қарағанның, бұта тектес талдардың, шырғанақтың, жүзгіннің, шеңгелдің және өзге де бұталардың бұтақтары | тонна | 0,024 |
Мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 95 шешіміне 2-қосымша |
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарына пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері | ||
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі | ||
1. Ұзақ мерзімді орман пайдалану | |||
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін пайдалану | гектар | жылына 0 теңге | |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | гектар | жылына 400 теңге | |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік, және спорт мақсаттары үшін пайдалану | гектар | жылына 1605 теңге | |
2. Қысқа мерзімді орман пайдалану | |||
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіші | |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік, және спорт мақсаттары үшін пайдалану | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіші |
Мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 95 шешіміне 3-қосымша |
Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 "Мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшiн төлем төлеу мөлшерлемелерi туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған).
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 391 "Мәслихаттың 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 "Мемлекеттік орман қорында орманды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3768 тіркелген, 2011 жылғы 29 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде және 2011 жылғы 4 тамызда "Костанайские новости" газетінде жарияланған).
3. Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 50 "Мәслихаттың 2010 жылғы 30 сәуiрдегi № 306 "Мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшiн төлем төлеу ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6572 тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).