Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 95 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 359 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қаңтарда № 8241 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 95 шешімінің (2017 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6809 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады