Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 "Мемлекеттік орман қорында орманды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ставкалары туралы" шешіміне ((нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3721 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы "қорында" деген сөзден кейін "және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорт мақсаттарына пайдалануға төлем ставкалары (3-қосымша);"
3-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы, сессияның төрағасы |
С. Төкенов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Қ. Төлеубаев
Мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдығы № 391 шешіміне қосымшасы Мәслихаттың 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 шешіміне 3 қосымшасы |
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік
орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарында аңшылық шаруашылығы қажеті
үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік
рекреациялық және спорт мақсаттарына пайдалануға
төлем төлеу ставкалары
Орман пайдалану түрлері, соның ішінде мерзім бойынша | Ормандарды қайта өндіруге арналған шығындардың әдісі | |
Өлшем бірлігі | Төлем ставкасы | |
1. Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | ||
Мемлекеттік орман қоры учаскілерін ғылыми-зерттеулік мақсатымен пайдалану | гектар | жылына 614 тенге |
Мемлекеттік орман қоры учаскілерін мәдени- сауықтыру, тынығу, туристік және спорттық мақсаттарымен пайдалану | гектар | жылына 2673 тенге |
Мемлекеттік орман қоры учаскілерін аңшылық шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалану | гектар | жылына 0 тенге |
2. Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін) | ||
Мемлекеттік орман қоры учаскілерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында ғылыми-зерттеулік мақсатымен пайдалану | адамнан әр күн сайын | 0,1 айлық есептік қөрсеткішінен |
Мемлекеттік орман қоры учаскілерін мәдени- сауықтыру, тынығу, туристік және спорттық мақсаттарымен пайдалану | адамнан әр күн сайын | 0,1 айлық есептік қөрсеткішінен |