Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 18.06.2018 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 269 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Таза бұлақ Чистый родник" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386 бабының 5-тармағына, 387 бабының 1-тармағына, 444 бабының 1-тармағына сәйкес".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Сарбасов |
Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Есмуханов |
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
_________________ Е. Самидосов
2016 жыл 17 мамыр
Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің
Алтынсарин ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
___________________ Ш. Муканова
2016 жыл 17 мамыр