Алтынсарин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 182 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 7953 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оразбаева
      Алтынсарин
аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Есмұханов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      қаржы Министірлігінің

      мемлекеттік кірістер комитеті

      Қостанай облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      Департаментінің Алтынсарин

      ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы"

      Республикалық мемлекеттік

      мекемесі

      _____________ Ш. Мұқанова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі

      ______________ А. Сейдахметов

  Мәслихаттың
2018 жылғы 18 маусымдағы
№ 182 шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 2011 жылғы 28 қазандағы № 335 "Тіркелген салықтың біріңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-5-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсанда "Таза бұлақ Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған);

      2. 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 269 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Таза бұлақ Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған);

      3. 2016 жылғы 17 мамырдағы № 26 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде "Таза бұлақ Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады