Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 269 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 5579 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 18.06.2018 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386 бабының 5-тармағына, 387 бабының 1-тармағына, 444 бабының 1-тармағына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Шешімінің кіріспесі жаңа редакцияда – Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 17.05.2016 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Лысенко
      Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Есмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады