Мәслихаттың 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 269 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 26 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 6476 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 18.06.2018 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:     

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 269 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Таза бұлақ Чистый родник" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386 бабының 5-тармағына, 387 бабының 1-тармағына, 444 бабының 1-тармағына сәйкес".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Сарбасов
      Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Есмуханов

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі

      _________________ Е. Самидосов

      2016 жыл 17 мамыр

      Қазақстан Республикасы қаржы

      Министрлігінің мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер Департаментінің

      Алтынсарин ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы

      ___________________ Ш. Муканова

      2016 жыл 17 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады