"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Амангелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 135 қаулысына қосымша |
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Амангелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ | Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi | Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
Дәнді дақылдар | ||
1 | Жаздық жұмсақ бидай | 2016 жылғы 15 мамырдан 2 маусымға дейін |
2 | Арпа | 2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін |
3 | Сұлы |
2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға |
4 | Тары | 2016 жылғы 20 мамырдан 10 маусымға дейін |
Майлы дақылдар | ||
1 | Күнбағыс | 2016 жылғы 5 мамырдан 17 мамырға дейін |
2 | Рапс | 2016 жылғы 20 мамырдан 28 мамырға дейін |
3 | Зығыр | 2016 жылғы 12 мамырдан 31 мамырға дейін |
4 | Мақсары | 2016 жылғы 10 мамырдан 22 мамырға дейін |
5 | Қыша | 2016 жылғы 22 мамырдан 30 мамырға дейін |
КЕЛІСІЛДІ:
"Амангелді ауданы әкімдігініңкәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________________ Е. Ещанов