2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 135 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 6504 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Амангелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі Ж. Таукенов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 135 қаулысына қосымша

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Амангелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi


Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

Дәнді дақылдар
1
Жаздық жұмсақ бидай
2016 жылғы 15 мамырдан 2 маусымға дейін
2
Арпа
2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін
3
Сұлы
2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға
дейін
4
Тары
2016 жылғы 20 мамырдан 10 маусымға дейін
Майлы дақылдар
1
Күнбағыс
2016 жылғы 5 мамырдан 17 мамырға дейін
2
Рапс
2016 жылғы 20 мамырдан 28 мамырға дейін
3
Зығыр
2016 жылғы 12 мамырдан 31 мамырға дейін
4
Мақсары
2016 жылғы 10 мамырдан 22 мамырға дейін
5
Қыша
2016 жылғы 22 мамырдан 30 мамырға дейін

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Амангелді ауданы әкімдігінің
      кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________________________ Е. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады