Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 04.05.2018 № 199 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381-бабында белгіленген жер салығының базалық салық мөлшерлемелеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес түзету жүзеге асырылсын.
Осы тармақтың бірінші абзацының ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 24.08.2017 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сессия төрайымы | В. Кожуховская |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ. Арықов |
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ А. Амантаев
2016 жылғы 23 қыркүйек
"Меңдіқара ауданының жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ә. Қошанов
2016 жылғы 23 қыркүйек
Мәслихаттың 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 46 шешіміне қосымша |
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 24.08.2017 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Аймақ № | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайызы | Аймаққа кіретін қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы (ауылдық округтер бойынша) |
1 | 2 | 3 |
1 | -50 | - |
2 | -40 | - |
3 | -30 |
Қарақоға ауылдық округі: Құлшықай ауылы 015 |
4 | -20 | Қарақоға ауылдық округі: Жарқайың ауылы 015 |
5 | -10 |
Борков ауылдық округі: Татьяновка ауылы 037 |
6 | 0 |
Ломоносов ауылдық округі: Шиелі ауылы 032 |
7 | +10 | Алешин ауылдық округі: Алқау ауылы 025 |
8 | +20 |
Буденный ауылдық округі: Қызылту ауылы 022 |
9 | +30 |
Ломоносов ауылдық округі: Қасқат ауылы 011 |
10 | +40 |
Қарақоға ауылдық округі: Ұзынағаш ауылы 014 |
11 | +50 |
Боровское ауылы 001-006 |