"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меңдіқара аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 46 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6660 тіркелген, 2016 жылғы 28 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) 2017 жылғы 24 тамыздағы № 132 "Аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 46 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7224 тіркелген, 2017 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | В. Кожуховская |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ. Арықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Меңдіқара
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________ А. Амантаев
2018 жылғы 4 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
"Меңдіқара ауданының
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ Ә. Қошанов
2018 жылғы 4 мамыр