Аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 46 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 132 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 7224 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 199 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 04.05.2018 № 199 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 46 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6660 тіркелген, 2016 жылғы 28 қазандағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімінің 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы Қ. Арықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

      департаментінің Меңдіқара ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ А. Амантаев

      24 тамыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Меңдіқара ауданының жер

      қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Ә. Қошанов

      24 тамыз 2017 жыл

  Мәслихаттың
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 132 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2016 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 46 шешіміне қосымша

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету

Аймақ №

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайызы

Аймаққа кіретін қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы (ауылдық округтер бойынша)

1

2

3

1

-50

-

2

-40

-

3

-30

Қарақоға ауылдық округі: Құлшықай ауылы 015
Қарақоға ауылдық округі: Төлеңгүт ауылы 015
Қарақоға ауылдық округі: Байғожа ауылы 015

4

-20

Қарақоға ауылдық округі: Жарқайың ауылы 015

5

-10

Борков ауылдық округі: Татьяновка ауылы 037
Введен ауылдық округі: Каменка ауылы 009

6

0

Ломоносов ауылдық округі: Шиелі ауылы 032
Краснопреснен ауылдық округі: Балықты ауылы 018
Краснопреснен ауылдық округі: Лоба ауылы 018

7

+10

Алешин ауылдық округі: Алқау ауылы 025

8

+20

Буденный ауылдық округі: Қызылту ауылы 022
Введен ауылдық округі: Загаринка ауылы 009
Краснопреснен ауылдық округі: Молодежное ауылы 018
Каменскорал ауылдық округі: Ақсуат ауылы 032

9

+30

Ломоносов ауылдық округі: Қасқат ауылы 011
Первомай ауылдық округі: Красносельское ауылы 029
Соснов ауылдық округі: Никитинка ауылы 035

10

+40

Қарақоға ауылдық округі: Ұзынағаш ауылы 014
Ломоносов ауылдық округі: Қарамай ауылы 012
Михайлов ауылдық округі: Архиповка ауылы 041
Соснов ауылдық округі: Приозерное ауылы 035

11

+50

Боровское ауылы 001-006
Алешин ауылдық округі: Алешинка ауылы 025
Алешин ауылдық округі: Молодежное ауылы 024
Буденный ауылдық округі: Буденновка ауылы 022
Введен ауылдық округі: Введенка ауылы 008
Борков ауылдық округі: Борки ауылы 037
Краснопреснен ауылдық округі: Красная Пресня ауылы 017
Каменскорал ауылдық округі: Каменскуральское ауылы 031
Ломоносов ауылдық округі: Көктерек ауылы 032
Михайлов ауылдық округі: Михайловка ауылы 039
Михайлов ауылдық округі: Степановка ауылы 041
Первомай ауылдық округі: Первомайское ауылы 027, 028
Первомай ауылдық округі: Ивановка ауылы 029
Первомай ауылдық округі: Долбушка ауылы 029
Первомай ауылдық округі: Лесное ауылы 035
Теңіз ауылдық округі: Теңіз ауылы 020
Теңіз ауылдық округі: Новониколаевка ауылы 020
Соснов ауылдық округі: Харьковское ауылы 034
Первомай ауылдық округі: Чернышевка ауылы 029
Соснов ауылдық округі: Сосна ауылы 035


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады