Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 03.01.2019 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағыны, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Қ. Ахметов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 189 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің менгерушісі;
3) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) жұмыспен қамту орталағының құрылымдық бөлімшесінің маманы;
7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
8) ассистент.
Ескетру. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 27.09.2017 № 353 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі).2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) әдіскер;
4) барлық мамандықты мұғалімдері;
5) аккомпаниатор;
6) тәлімгер;
7) тәрбиелеуші;
8) жүзу бойынша нұсқаушы;
9) дене тәрбиесі нұсқаушысы;
10) музыкалық жетекші;
11) қосымша білім беретін педагог;
12) ұйымдастырушы педагог;
13) педагог – психолог;
14) әлеуметтік педагог;
15) логопед;
16) бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
17) мейірбике (мейіргер);
18) кітапханашы;
19) интернат меңгерушісі.
Ескетру. 2 - тармаққа өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 27.09.2017 № 353 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі).3. Мәдениет мамандары лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) көркемдік жетекшісі;
3) кітапхана меңгерушісі;
4) аккомпаниатор;
5) кітапханашы;
6) дыбыс жазу операторы;
7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
9) музыкалық жетекші;
10) вокал репетитор;
11 хормейстер;
11) барлық атаудағы сүретшілер;
12) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер).
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының орынбасары;
3) жаттықтырушы – оқытушы;
4) аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
5) жаттықтырушы;
6) әдіскер;
7) (мамандырылған) медициналық бике/аға.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.