Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 16.07.2021 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 12.08.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 12.08.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 189 (2016 жылғы 4 тамызда "Федоровские новости" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6543 болып тіркелген) қаулысының және "Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 189 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 353 (2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7251 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданы әкiмдігінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 356 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымшасына өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 12.08.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімше басшысы, параклиникалық бөлімшенің (зертхананың) меңгерушісі;
3) мейіргер;
4) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
6) медициналық тіркеуші;
7) зертханашы (медициналық);
8) нұсқаушы-дезинфектор;
9) тіс дәрігері (дантист);
10) әлеуметтік қызметкер;
11) психолог маман;
12) провизор (фармацевт);
13) диеталық мейіргер;
14) рентген зертханашысы;
15) тіс технигі;
16) акушер;
17) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
18) фельдшер;
19) логопед;
20) кеңейтілген практика мейірбике/мейіргері.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы: шағын жинақты мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық);
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақты мектептен басқа) басшысының орынбасары;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;
6) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері,оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы;
7) кітапхананың, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (меңгерушісі);
8) әдіскер (негізгі қызметтердің);
9) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
10) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);
11) қосымша білім беретін педагог;
12) мейірбике (мейіргер);
13) хореограф (негізгі қызметтердің);
14) тәлімгер;
15) интернат меңгерушісі;
16) ұйымдастырушы педагог;
17) әлеуметтік педагог;
18) емдәмдік мейірбике;
19) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
20) кітапханашы;
21) тәрбиелеуші;
22) зертханашы;
23) логопед;
24) әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері.
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
5) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
6) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
8) музыкалық жетекші;
9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
10) кітапханашы;
11) барлық атаудағы әртістері;
12) кітапхана меңгерушісі;
13) концертмейстр;
14) дыбыс режиссері;
15) аккомпаниатор;
16) хормейстер;
17) библиограф;
18) хореограф;
19) режиссер;
20) дирижер.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық манызы бар мемлекеттік мекемеде және мемлекеттік қазыналық кәсіпорында басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
4) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;
5) аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
6) нұсқаушы-спортшы;
7) жаттықтырушы-оқытушы;
8) әдіскер;
9) жаттықтырушы.
6. Алынып тасталды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 12.08.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).