Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 03.01.2019 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 189 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6543 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 тамызда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мына мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
8) ассистент.".
2-тармақ мына мазмұндағы 19) тармақшасымен толықтырылсын:
"19) интернат меңгерушісі.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Федоров ауданының әкімі | Т. Исабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Федоров аудандық
мәслихатының хатшысы
________________ Б. Исенгазин
2017 жылғы 27 қыркүйек