Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 15.06.2020 № 494/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар қаласының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы" № 147/19 шешіміне (№ 3545 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде тіркелді, 2013 жылғы 7 маусымда № 20 "Шаһар" газеті және 2013 жылғы 10 маусымда № 22 "Версия" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
белгіленген шешімнің тақырыбы мен шешімнің барлық мәтіні бойынша "коммуналдық" деген сөз "тұрмыстық қатты" сөздеріне ауыстырлысын;
белгіленген шешімнің преамбуласы келесі редакцияда баяндалсын: "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:";
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Қалижанова |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Мұқашева |