1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4707 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйекте № 38 "Отарқа" және № 38 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 916/8 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "2-1-тармағына" сандары мен сөзі "5-тармағына" санымен және сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасындағы "коммерциялық" сөзі алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | К. Нукенов |