Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" № 916/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 846/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте № 5235 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 1174 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4707 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйекте № 38 "Отарқа" және № 38 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 916/8 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "2-1-тармағына" сандары мен сөзі "5-тармағына" санымен және сөзімен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасындағы "коммерциялық" сөзі алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қаласының әкімі К. Нукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады