Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 07 тамыздағы № 916/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4707 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 5-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.08.2016 № 846/8 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "7" тамыздағы
№ 916/8 қаулысына
қосымша

Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен
айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.08.2016 № 846/8 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/р
Критерий атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Келесі критерийлер болған жағдайда:
Объектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту және Объектіні барынша мүмкін бағамен сату.
Аукцион түрінде сауда-саттық өткізу
2
Келесі критерийлер болған жағдайда:
сату шартын белгілеу жолымен белгілі кезеңге мемлекет тарапынан бір уақытта бақылауды сақтай отырып, бюджетке ақшалай қаражатты (Объектіні сату кезінде) алу қажеттілігі (қызмет бағдарын сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбекақы төлемі және басқа жағдайлар бойынша берешекті өтеу).
тендер түрінде сауда-саттық өткізу
3
Келесі критерий болған жағдайда:
сенімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының талаптарын орындауды мемлекеттің бір уақытта бақылауды сақтау қажеттілігі.
Тікелей мекенжайдан сату
4
Келесі критерий болған жағдайда:
қатысушылардың кең ауқымын тартуға, осы Объектіге бәсекелестік деңгейін арттыруға және Объектіні барынша мүмкін бағамен сатуға мүмкіндік беретін Объектіге одан әрі бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы
Қор биржасында сауда-саттық өткізу

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады