Ертіс ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын және бірыңғай жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 5-2-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 5098 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 267-61-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 267-61-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ертіс ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы салынатын жерлерге жер салығының базалық ставкалары және бірыңғай жер салығының ставкалары он есе жоғарылатылсын.
      2. Бұрын қабылданған Ертіс аудандық мәслихатының (V сайланған, XXXIX сессиясы) 2015 жылғы 12 тамыздағы "Ертіс ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесін түзету туралы" № 216-39-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4709 тіркелген, 2015 жылғы 26 қыркүйектегі "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экология, бизнес және өндірісті қолдау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Шингисов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Шингисов

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога по Иртышскому району

Решение маслихата Иртышского района Павлодарской области от 8 апреля 2016 года № 5-2-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 апреля 2016 года № 5098. Утратило силу решением Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 24 декабря 2020 года № 267-61-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 24.12.2020 № 267-61-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 386, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить в десять раз базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Иртышского района.
      2. Ранее принятое решение Иртышского районного маслихата от 12 августа 2015 года № 216-39-5 (XXXIX сессия, V созыв) "О корректировке базовых ставок земельного налога по Иртышскому району" (зарегистрировано под № 4709 в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов, опубликовано в газетах "Иртыш" и "Ертіс нұры" 26 сентября 2015 года) признать утратившим силу.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Иртышского районного маслихата по экологии, поддержке бизнеса и производства.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. Шингисов
      Секретарь районного маслихата Б. Шингисов