Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 267-61-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ертіс ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы салынатын жерлерге жер салығының базалық ставкалары және бірыңғай жер салығының ставкалары он есе жоғарылатылсын.2. Бұрын қабылданған Ертіс аудандық мәслихатының (V сайланған, XXXIX сессиясы) 2015 жылғы 12 тамыздағы "Ертіс ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесін түзету туралы" № 216-39-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4709 тіркелген, 2015 жылғы 26 қыркүйектегі "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экология, бизнес және өндірісті қолдау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Шингисов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Шингисов |